Мұғалімдер арасында "Көңілді сөрелер" эстафетасы » Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа №8 имени Н.Островского» государственного учреждения «Отдел образования по городу Талдыкорган Управления образования области Жетісу»
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Н.Островский атындағы №8 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 41-54-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-12-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұғалімдер арасында "Көңілді сөрелер" эстафетасы
30
сәуір
2024

Мұғалімдер арасында "Көңілді сөрелер" эстафетасы

Н.Островский атындағы №8 орта мектебінде дене шынықтыру пән бірлестігі ұстаздарының ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында "Көңілді сөрелер" атты эстафетасы ұйымдастырылды. Эстафетаның мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, спорттық ойындарды дамыту және мұғалімдердің арасында достық қарым-қатынасын нығайту. Топ мүшелері 3 командаға бөлініп, өзара жарысты. Эстафетаға 12 мұғалім қатысты. Топ басшылары дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Мажиратхан Е., Беглов Р. және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Маметбакиев А. болды. Әр топ жүгіруден жарыс, баскетбол добын себетке лақтыру, ойын дөңгелегінен өту сынды түрлі сынақтардан өтті. Ұпайлар нәтижесінде алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Маметбакиев А., химия пәні мұғалімі Тутенова Н., іс жүргізуші Қайнолла А., әлеуметтік педагог А.Алтыбай тобынан құралған команда жүлделі І орынды иеленді. Салауатты өмір салтын қолдайық!
Мұғалімдер арасында "Көңілді сөрелер" эстафетасы
Мекен жайымыз
Талдықорған қаласы, Ә.Тыныбаев көшесі, 131 үй

©2016-2020, Ресми сайт «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.Островский атындағы №8 орта мектеп» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru