24 - наурыз Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен 1993 жылдан бастап туберкулез жаһандық проблема болып жарияланды. Содан бері, жыл сайын 24 наурыз Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні аталып өтедi. Осыған орай, мектебіміздің 7-8 сынып оқушыларымен салауатты өмір салтын ұстану бойынша, туберкулез туралы түсіндірмелік жұмыстарын жүргізуге Фтизиатр ГП 2 Мухамеджанова Д.М келіп, жұмыс жүргізді. Мектеп мейрбикесі Р.Қ Омаровада өз кезегінде сақтану мен алдын алу шараларын түсіндірді.